• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Наурыз, 2021

Алматыда тағы қанша адам індетке душар болды?

269 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 31 наурыздағы коронавирусты инфекцияның таралуы жөніндегі жағдай төмендегідей болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

2021 жылдың 30 наурыз күні коронавирустық инфекцияның 526 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 425-і симптомдық белгілері бар және 101 симптомсыз.Бір тәулік ішінде – 306 науқас қабылданды, стационардан 209 науқас шығарылды.Барлық инфекциялық стационарларда (5 000 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 2 783 адам (109 бала) ем алуда, оның ішінде аса ауыр – 46, ауыр түрде – 350, ауырлықтың орташа дәрежеде – 2 387.Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде – 125 ( бос төсек-орын саны–295). ӨЖЖ – 6, инвазивті емес ӨЖЖ – 54, High flow-да 35 аппарат жұмыс істейді.

ФО филиалы (Халық Арена) (1000) – 18 адам.Карантиндік төсек-орындар – 7 қонақ үйде (815 төсек-орын) – 0 пациент.

Вакцинация бойынша: ақпаннан сәуірге дейін вакцинаның 15 750 дозасы келіп түсті. 1 компонент игерілді. Ревакцинация жүріп жатыр. Екінші компонент бойынша 3 200 адам қабылдады.