• RUB:
    4.99
  • USD:
    523.54
  • EUR:
    546.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2021

Қызылорда күрішін Францияға экспорттау жоспарлануда

503 рет
көрсетілді

Сыр елінің бренді саналатын ақмаржанға Еуропа елдерінің кәсіпкерлері қызығушылық танытуда. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Шахмардан Қойшыбаевтың айтуынша бүгінде осы бағытта бірлескен жұмыстар басталып та кеткен.

Бастама аясында Қызылорда облысы мен Франция ынтымақтастық бағытта жұмыс істеу үшін бірлескен келісімдер жүргізуде. Француз кәсіпкерлері өңірдегі күріш өндіруші кәсіпорындарымен жұмыс істеуге мүдделі. Осыған байланысты алда Сыр елінен Франция мемлекетіне күріш экспорттау жоспарлануда.

Айта кетейік, Қызылорда облысындағы тамақ өнеркәсібінің негізі күріш өңдеуге байланысты. Бүгінгі күні 76 күріш ақтау зауыты жұмыс жасайды, оның ішінде 47 ірі және 29 шағын. Олардың 20-сі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Облыстағы барлық күріш өңдеу кәсіпорындарының жылдық қуаттылығы 523,4 мың тоннаға жетіп отыр. Былтыр облыстан 92,9 мың тонна күріш экспортталған.