Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелден келген жолаушылар жайында мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен тәулікте Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді.
5 164 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 135 адам, анықтамасыз 29 Қазақстан азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 504 жолаушы, анықтамамен – 2 487, анықтамасыз – 17;
Шымкент қаласының әуежайына – 12 рейс, барлық 1 352 жолаушы анықтамамен келген;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 568 жолаушы, анықтамамен - 557; анықтамасыз - 11.
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 292 жолаушы анықтамамен келген.
Ақтобе қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 240 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 70 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 137; анықтамасыз - 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 30 наурызда шетелден анықтамасыз келген 15 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар 2021 жылдың 26 наурызында Душанбе – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.