• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Сәуір, 2021

Түркі кеңесін халықаралық ұйым деп атайтын кез келді

229 рет
көрсетілді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сәрсенбіде өткен саммитте Түркі кеңесі халықаралық ұйым атануға лайық әлемдік беделге ие деп мәлімдеді.

Ыстанбұл­дағы Вах­дет­тин павильонында видеобайланыс арқылы Түркі кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мүше елдердің ынтымақтастығы әлемде болып жатқан өзгерістер алдында барған сайын зор маңызға ие болып отырғанын айтты. Ердоған түркі елдерінің стратегиялық маңызы мен өркендеуін Еуропамен байланысты үздіксіз қамтамсыз ететін Транскаспий Халықаралық Көлік Дәлізі (Орта дәліз) бастамасы одан сайын арттыра түсетініне сенімді.

Сондай-ақ саммит қорытындысы бойынша қабылданған декларацияға сәйкес, кеңестің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Түркі кеңесінің атауын өзгер­ту туралы бастамасы қолдау тауып, сыртқы істер министрлері мен хат­шы­лыққа 2021 жылдың күзінде Түркияда өте­тін Түркі Кеңесінің 8-ші саммитінде осы шешімнің негізін қалау үшін тиісті құ­жат­тар дайындау тапсырылды. Одан бөлек, Түркістан қаласы «Түркі әлемінің рухани астанасы» деп жарияланды. Экономикалық зор мүмкіндіктерді атап өткен мемлекет басшылары кеңестің стратегиялық маңызы бар өңірлік жобаларды, атап айтқанда, көлік, кеден, энергетика және инфрақұрылым саласындағы бастамаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.