Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Бауыржан Тұхфатов өз өтінішіне сәйкес облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Өткен жыл сәуірде тағайындалған ол бұл лауазымда бір жыл жұмыс істеді.
Басқарма басшысының жұмыстан кетуіне не себеп болғаны айтылған жоқ.