• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Сәуір, 2021

Атырауда бірнеше медициналық нысан салынады

117 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байуәлиевтің мәліметінше, 2025 жылға дейін бірнеше медициналық нысан құрылысын салу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Атырау қаласындағы «Өркен», «Нұрсая» шағын аудандарында 250 келушіге арналған емхана мен ауылдық елді мекендерде 9 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін нысан салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Атырау қаласында 3 қосалқы стансасымен бірге жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысы бой көтереді. Бұл жобалар Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына сай жүзеге асады» деді Асхан Байдуәлиев.

Сондай-ақ Атырау қаласында 250 келушіге арналған психикалық денсаулық орталығы, 350 келушіге арналған көпфункциялды аурухана, облыстық онкология диспансері жанынан радиологиялық корпустың құрылысы жоспарланыпты.

Оның айтуынша, бұл нысандарды  іске қосу арқылы қан айналымы жүйесі, онкологиялық, тыныс алу жолдары ауруларынан болатын, сондай-ақ, нәресте мен ана өлімін төмендетуге, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға жол ашылады.