Түркістан облысы Келес аудандағы «Кенжебай ата» шаруа қожалығы 1 гектар жерге қызанақ егіп, егіннің алды пісіп, жетілуде.
Жалпы, егістік алқапта 25 мың түп қызанақ отырғызылған. 10-нан астам адам егінді күтіп-баптап жүр. Шаруалар әр түптен 10 килоға дейін өнім жинамақ.
Диқандар әр гектардан кемінде 60 тонна өнім жинауды көздеуде. Олардың айтуынша, жоғары сұрыпты қызанақ өнімді мол береді.