Атырауда төтенше жағдай департаментіне құрлықта да, су мен батпақта да жүретін жаңа көлік сатып алынды. Жол талғамайтын көліктің атауы – «Шерп».
Биіктігі 70 см-ге дейінгі кедергілерден оңай өтеді. Суда жүзеді. Судан мұз үстіне көтеріледі. Батпақта жүре алады. Дөңгелегінің диаметрі – 160 см. Құрлықта сағатына 45 шақырымды, ал суда 6 шақырымды еңсереді.
– Бұл көлік батпақты, қарлы жерде, мұз үстінде, сондай-ақ суда авариялық-құтқару мен іздестіруге арналған. Бұдан былай «Шерп» көлігі Каспий теңізінің жағалауында көп кездесетін қамыс өртін сөндіруде де қолданылады, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Атырау облысы