• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Сәуір, 2021

ЕАЭО-ға жеке тұлғалардың көлік құралдарын уақытша әкелу шарттары ұзартылды

148 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тағы бірнеше шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz   ЕЭК баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі жеке тұлғалар үшін автокөліктерді және басқа да көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағында уақытша болу мерзімдерін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартты. Мұндай шешім кеше  өткен жиында қабылданды.

Бұған дейін ЕЭК «осылайша, автомобильдер мен басқа да жабдықтарды уақытша импорттаған азаматтар 30 қыркүйекке дейін оларды ЕАЭО-дан қайтарып алу міндеттемесінен босатылатынын және  оларға әкімшілік шаралар мен кедендік төлемдер қолданылмайтынын хабарлаған болатын.

ЕЭК Кеңесі сонымен қатар 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда 2025 Стратегиясының шаралары мен тетіктерін іске асырудың нақты шаралары, оларды іске асырудың мерзімі мен нәтижелері, сондай-ақ жауапты орындаушылар бар. Жоспар бойынша іс-шаралардың көп бөлігі 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу процедурасына өзгерістер енгізу, сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік декларацияларының электрондық нысандарына көшу үшін негіз дайындау, сондай-ақ шешім қабылдау қарастырылған цифрлық техникалық реттеу жобасын іске асыруды бастау және т.б. Сонымен қатар, 2021 жылы Одақтағы тауарлардың транзиті үшін бірыңғай жүйені дамыту туралы халықаралық келісім жобасын дайындау және несиелік тарихқа енгізілген ақпаратпен алмасу тәртібі туралы халықаралық келісім жасау жоспарлануда. 2025 стратегиясы шамамен 330 шаралар мен механизмдерді қамтиды.

Оны жүзеге асыру 13 халықаралық келісімдерді, ЕАЭО-тың 60-тан астам нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қол қоюды, Одақ туралы шартқа 25-ке жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына түзетулер енгізуді көздейді. 

ECE Кеңесі сонымен қатар оптикалық талшық өндірісі үшін қорғаныш жабыны ретінде пайдаланылатын полиуретанды және эпоксидті жабындылар үшін кедендік баж салығының нөлдік мөлшерлемесін ұзарту туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ЕАЭО-да бұл компоненттердің өндірісі жоқ немесе талап етілетін сапаға сәйкес келмейді. «Қабылданған шешім Одақта талшық өндірісі үшін қолайлы экономикалық жағдайлар туғызады, тиісті жобаның инвестициялық тартымдылығын, сондай-ақ Одақтағы және сыртқы нарықтағы соңғы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деді ЕЭК кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті өкілі Вагагн Газарян.

Талшық негізінен әр түрлі деңгейдегі телекоммуникация желілерінде мәліметтер берудің құралы ретінде пайдаланылады. Ұзартылған шараның жаңа жарамдылық мерзімі - 2023 жылғы 31 желтоқсан. Шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Сонымен қатар, ЕЭК Кеңесі медициналық бұйымдарды ЕАЭО ережелеріне сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ал ұлттық стандарттарға сәйкес - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тіркеу туралы шешім қабылдады.

ЕАЭО-да медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық тіркеу куәліктері жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.