• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Сәуір, 2021

Алматыда тағы 585 адам індет жұқтырды

95 рет
көрсетілді

Коронавирустық инфекцияның таралуы туралы соңғы мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 5 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 585 жаңа жағдайы тіркелді, оның 490-ы симптомдық белгілері бар және 95-і симптомсыз.Емделгендер саны – 29 096 (+570).

Барлық инфекциялық стационарларда 3 146 адам (87 баланың жағдайы жеңіл және орташа дәрежеде) емделіп жатыр, оның ішінде 77 ересек науқастың халі аса ауыр, 570 адамның жағдайы ауыр, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 499 пациент бар.

Барлық емделіп шыққандар – 449, жаңадан келіп түскені – 309 адам. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 177 науқас жатыр.

Сонымен қатар 1 ақпаннан 5 сәуірге дейін Спутник V вакцинасын 44 315 адам салдырды. Оның ішінде 6 200 вакцинаның екі компонентін алды. 2 сәуірден 5 сәуірге дейін 28 713 азаматқа вакцина егілді. Өткен тәулікте 4764 адамға вакцина егілді. Вакцинаның қалған саны - 6 335 доза, вакцинация процесі жалғасуда. 2021 жылдың 9 сәуір күні вакцинаның 5 траншы бойынша 57 445 доза көлемінде күтілуде. Ал 2021 жылдың 13 мамыр күні 57 445 доза күтілуде.

Айдың соңына дейін барлығы 114 890 доза таратылады.