• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2021

Маңғыстауда екі күннен бері құмды дауыл басылмай тұр

566 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында екі күннен бері қатты жел мен құмды дауыл басылмай тұр. Жүргізушілер қолайсыз ауа райын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүргізушілердің айтуынша, құмды дауылдың кесірінен тасжолды көру мүмкін емес. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық тасжол көлік қозғалысы үшін ашық. Желідегі кадрлардан ауа райының көлік көзғалысы үшін кедергі екенін көруге болады.

Еске салайық, құмды дауыл Маңғыстауда екі күн бойы соғып тұр. Бұған дейін сәуірдің ортасында соққан. Ол кезде ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан, Ресей және Өзбекстан шекарасында 350-ден аса жүк көлігі тұрып қалды. Ал Маңғыстаудағы «Тәжен» өткізу бекетінде 150 жүк көлігінен ұзын-сонар кептеліс пайда болды.