• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2021

Түркістан облысында 21 мыңға жуық адам екпе қабылдады

134 рет
көрсетілді

Нақтырақ айтсақ, облыста 20 936 адам екпе қабылдаған. Оның  13 887-і медицина қызметкері, 5407 – педагог және 600-ге жуығы құқық қорғау органдары мен 500-ге жуығы әртүрлі топтағы азаматтар. Сәуір айында екпе салдыруға ниет білдіргендердің саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар дәрігерлердің бақылауында. Ал екінші  компонентпен 10 мыңға жуық  азамат вакцина алды.

Инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары 65 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Соңғы тәулікте  Түркістан облысында 13 адамда COVID-19 індеті анықталған. Яғни тәуліктік өсім – 0,28 %. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 600 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Соңғы тәулікте  зертханаларда 3 мыңдай адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар.