• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2021

Студенттер баланы құтқарып қалды

415 рет
көрсетілді

Еуразия ұлттық университеті Физика-техникалық фа­культетінің бірінші курс студенттері Мағжан Сұлтанов пен Диас Камалов университеттің бас ғимараты жанында Ақбұлақ өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

Оқиға 2021 жылдың 26 нау­рызы күні кешке қарай орын алған. Университеттен шыққан студенттер көмек сұрап айқай­лаған баланың даусын естиді. Дереу өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан 8-9 жас­тағы баланы көреді. Көп ойланбастан олар кө­мекке асығады. Мұзға қар­ман­ған баланы судан шы­ғарып, үстіндегі  киімдерін ше­шіп, орап тастайды. Осы кезде ЖОО қызметкері Ботагөз Па­ратхан жұбайымен бірге жақын маңда жүрген, оларды ав­токөлікке салып, баланы үйіне апаруды ұсынады.

Үйге барған соң студенттер баланың су болған киімін құрғатып киюіне көмектесіп, жылы сусын беріп, ата-анасына оқиға туралы хабарлайды. ЖОО-ның баспасөз қызметіне берген сұх­батында Мағжан өз қауіп­сіз­дігі туралы бір минут та ой­­лан­бағанын айтты. «Менде бір ғана ой болды, – дейді ол. – Қайт­кенде баланы құтқару!»

Мағжанның өзі – отба­сын­дағы жалғыз ұл. Ол ядролық физика мамандығы бойынша оқиды. Бұл мамандықты таң­да­ғанына қуанышты, өйткені ол атомдар мен молекулалармен жұмыс істегенді ұнатады.

Ал Диас Ка­малов Техника­лық-физика мамандығы бо­йын­ша білім алады. Қостанай об­лысы Рудный қаласында ту­ған, отбасының кенжесі. Мағ­­жанмен бірге ол да мұндай сәт­­­терде қорқыныш туралы ой­лау­дың өзі артық деп есептейді.