«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін «ҚТЖ» АҚ жаңа басшысын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұжымға таныстырды.
Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.
Әр жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2010 жылы Н.Сауранбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақстан темір жолы» РМК басшылық қызметтерінде жұмыс істеді.
А. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Құрмет» (2007) және «Парасат» (2013) ордендерімен марапатталған.