Маңғыстау облысы сапалы орта білімге қол жеткізу теңсіздігі индексі бойынша рейтингіде соңғы орында. Нақтырақ айтқанда, ол білім беру кадрлары сапасын бағалау критериі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсетті. Сапалы білімге қол жеткізу бойынша ең қолайлы жағдай Павлодар облысында, деп хабарлайды Egemen.kz factcheck.kz сайтына сілтеме жасап.
Сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі индексін арнайы Орталық Азия елдері үшін PaperLab ҚҚ басшылығымен зерттеушілердің трансшекара командасы әзірлеген. Оның негізінде мемлекеттер тікелей әсер ете алатын бірқатар ресми өлшенетін көрсеткіш бар. Қазақстанға арналған көрсеткіштер үш топқа бөлінген, олар: «оқыту жағдайы», «білім беру акторлары», «АКТ-ға қол жеткізу».
«Оқыту жағдайы» критериіне үш көрсеткіш кіреді: үш ауысымда білім беретін мектептер үлесі; апатты жағдайдағы мектептер үлесі; дәретханасы сыртта орналасқан мектептер үлесі. Тізімдегі көрсеткіштер бойынша ең нашар жағдай Алматы облысында. Ал Павлодар облысында, керсінше сапалы білім алу үшін ең жақсы жағдай жасалған.
«Білім беру акторлары» критериіне төрт көрсеткіш кіреді: жоғары білімі бар мұғалімдер үлесі; жоғары білімі бір мұғалімге шаққандағы оқушылар саны; мұғалімнің орташа жалақысының аймақтағы орташа жалақыға қатынасы; оқуын жалғастырған 11-класс түлектері үлесі. Бұл көрсеткіш тобындағы басты аутсайдер астана, көшбасшы Түркістан облысы болды.
«АКТ-ға қол жеткізу» критериі төрт көрсеткіштен тұрады: интернетке кіре алатын мектептер үлесі; бір мектеп компьютеріне келетін оқушылар саны; интернет қызметі бағасы мен аймақтағы орташа жалақының арақатынасы; ең арзан ноутбуктың аймақтағы орташа жалақыға қатынасы. АКТ-ға қол жеткізудің ең жоғары көрсеткішін Атырау облысы көрсетті, ал ең аз көрсеткішті Шымкент көрсетті.
Аймақтар
Білім беру жағдайы
Білім беру акторлары
АКТ-ға қол жеткізу
Үш критерий қорытындысы
Ақмола облысы
94,7
69,7
89,3
84,6
Ақтөбе облысы
80,5
63,9
90,3
78,2
Алматы облысы
71,1
73,9
88,0
77,7
Алматы
98,8
42,5
85,5
75,6
Атырау облысы
77,5
50,1
96,4
74,7
ШҚО
85,0
65,4
91,4
80,6
БҚО
73,3
57,8
90,4
73,8
Жамбыл облысы
76,8
78,1
87,8
80,9
Қарағанды облысы
88,6
57,0
91,9
79,2
Қостанай облысы
95,4
68,3
89,7
84,4
Қызылорда облысы
81,7
79,3
88,5
83,1
Маңғыстау облысы
72,6
41,9
91,8
68,8
Нұр-Сұлтан
86,5
37,0
85,7
69,8
Павлодар облысы
99,8
71,3
92,3
87,8
СҚО
94,0
75,2
90,3
86,5
Түркістан облысы
75,9
82,8
85,2
81,3
Шымкент
73,0
69,6
76,7
73,1
Қазақстан
83,6
62,5
91,3
79,1
Барлық позиция бойынша ең жоғары ұпай – 100 ұпай