• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Сәуір, 2021

Елорда ауруханасындағы ерекше ота науқас өмірін сақтап қалды

319 рет
көрсетілді

Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызмет жеткізушілерінің бірі - №2 көпбейінді қалалық аурухананың хирургиялық инфекциялар және колопроктология бөлімшесінің хирургтері ерекше ота (Кения-Майлс­тың бірегей отасын, тік ішектің іш-перинальды экстирпациясын) жасап, науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пациент Б. 10 күн бойы өзін нашар сезініп, үйде болған. Ауыр жағдайда, ішектен қан кетіп, қан қысымы 70/40 мм рт ст. шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасымен №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген.

Қабылдау кезінде колоноскопия жүргізіліп, науқаста тік ішектің циркулярлық қатерлі ісігі анықталды. Пациенттің ауыр жағдайына, тасымалдау кезінде өліп кету қаупіне байланысты оны онкологиялық орталыққа ауыстыру мүмкін болмады.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс хирургі Батыр Айтмолдаұлы Айтмолдинның басшылығымен шұғыл түрде консилиум өткізілді. Оның барысында № 2 көпбейінді қалалық аурухана базасында  пациентке ота жасау туралы шешім қабылданды.

Директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Батыр Айтмолдаұлы Айтмолдин мен хирургиялық инфекциялар және колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі Жомарт Ғалымұлы Жалғасбаев бастаған хирирхиялық бригада 3 сағат бойы осы күрделі отаны жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта пациент Б. өзін жақсы сезінеді.