• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Сәуір, 2021

Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізілуде

440 рет
көрсетілді

Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары үш тұрғын үйден еріген қар суын сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Онда қардың тез еруі және еріген судың жиналуы салдарынан үйлер мен аула аумақтарын су басты.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уә­лидің айтуынша, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құ­ралдары жұмылдырылды. Атап айтқанда, 49 адам, 17 бірлік техника, 9 бірлік мотопомпа апат салдарын жоюға тартылды.

Сонымен қатар Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қы­зылжар, Ақмол, Қосшы, Қа­бан­бай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүр­гізілуде.

Кеше сағат 10.35-те Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазавиақұт­қару» АҚ МИ-869 тікұшағы су тасқыны жағдайына мони­торинг жүргізу үшін әуеге кө­терілді. Бағыты Вячеслав су қой­масы – Қоянды – Ильинка – Преображенский су реттегіші. Тікұшақта Ақмола облысы әкімдігі, төтенше жағдайлар департаменті, Экология, геоло­гия және табиғи ресурстар минис­трлігі және «Қазгидромет» РМК өкілдері болды. Жағдай Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Айта кету керек, Ақмола облысында қардың еруі салдарынан су басуға жол бермеу үшін елді мекендерде қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облыс бойын­ша 447 813,76 текше метр қар шығарылды. 177 921,8 текше метр еріген қар суы со­рылды. 13 482 қапқа инертті ма­териалдар салынып, төселді. 2 511 метр бөгет нығайтылды. 128 084,61 метр су бұру арналары мен арықтары тазартылды. 2 099 метр арналар мен арықтар қалпына келтірілді.