• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Сәуір, 2021

Мұхтар Тілеуберді Жапония елшісін қабылдады

251 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Елшісі Тацухико Касаимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М.Тілеуберді екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Министр жапон тарапына COVID-19 коронавирусымен күресте көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жеке секторлары және үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жапония 7 млрд АҚШ долларынан астам сомаға салымдардың жалпы көлемі бар Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторларының қатарына кіреді.