• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 12 Сәуір, 2021

Сананы өзгертудің тиімді тетігі

554 рет
көрсетілді

Қоғам санасы мен дүниетанымына маңызды бетбұрыс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһандық жаңашылдыққа әкелетін жол екенін әйгіледі. Заманға сай жаңғыру міндетін алға қойған Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы төрт жыл ішінде ішкі ұмтылыс пен дамуымыздың басты қағидасына айналды. Соның бірі ауқымды және жоспарлы түрде қолға алынған маңызы зор тарихи оқиға – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшуіміз.

2017 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліп­­­биін кириллицадан латын гра­фи­касына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министр өкімімен қазақ тілі әліп­биін латын графика­сына кө­ші­ру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуінің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленіп, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі төрт жұмыс тобы құ­рыл­ды. Латын графикасына не­гізделген қазақ әліпбиінің ор­фогра­фиялық ережесі Тұжы­рым­дамасы негізінде А.Байтұр­сы­нұлы атындағы Тіл білімі инс­ти­тутының ғалымдары «Қа­зақ тілінің орфографиясының жаңа ережелері» жобасын әзір­ле­ді.  Бүкілхалықтық талқы­лау­лар­дан соң, Қазақстан үкіметі 28 қаң­тарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізіп, латын алфавитінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Үкіметтің мәліметінше, жаңа әліпби 40-тан аса нұсқаның ішінен таңдалған, аталған нұс­қа­да 31 әріп бар. Жаңа әліпбиге көшуді 2023 жылдан 2031 жылға дейін жүргізуді жоспарлап отыр.

Технологиялық жаң­ғыру ке­зе­­ңінде латын гра­фи­касының бүкіләлемдік ақ­параттық кеңіс­ті­гінде басым орында екені анық әрі әлемде ең кеңінен қол­­да­ныла­­­тын жүйе екені дау­сыз. Ға­лымдар латын графикасы не­гізіндегі қазақ әліпбине кө­шу­­ тілдің негізгі тетіктерін жаң­ғыртуға, қазақ тілінің әлем­дік ақпараттық кеңістіктегі алғы­шарт­­тарын қалыптастыруға, сон­­дай-ақ ақпараттық және ком­­­­­муникациялық техноло­гия­­­­­лардың кеңінен таралуы­на мүм­­кіндік жасайды деп біле­ді. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заман­ғы технологиялық ортаның, ком­муни­кацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», деп Елбасының өзі мұның шешуші қадам екенін нақтылаған-ды.

«Рухани жаңғыру» мақ­са­тын іске асыру үшін бізге тота­ли­та­р­­лық жүйеден бізбен бірге шық­­қан Бал­тық бойы, Шығыс Еу­ропа елдерінің тәжі­рибесін зерттеу аса ма­ңызды. Сонымен бірге этностық тарихы өзіміз­бен қатар өр­бі­ген, бір не­гіз­­ден шық­қан түр­кітілдес ха­лық­­­тар­­дың ын­ты­­мақ­тас­­тығы, бір-бі­ріне жана­шырлығы біз үшін аса маңызды қызмет атқа­ра­ды. Қазіргі геосаяси жағ­дай­да өзі­міз­­дің ұлттық қа­сиет­терімізді сақ­тап қа­лу­дың төте жолы түркітіл­дес ха­лық­тардың сан қырлы одақ­­тас­тығы. Жақында ғана Түр­­кіс­танда өткен Түркі мем­ле­кет­­­терінің саммиті бұл жағы­нан аршындап алға басып келе жатқанымызды көрсе­теді және көңілге үміт ұяла­та­ды. Түр­кі ха­лық­тарының бауыр­лас­ты­ғы­ның бір тетігі ортақ әліп­би болса керек. Міне, «Ру­ха­ни жаңғырудың» аясында Қазақстанда іске аса бастаған латын әліпбиіне көшу саясаты мен алғашқы қадамдары ортақ тү­ркі мүддесіне қызмет ете­ді деп сенеміз», деді Жамбыл Артықбаев.

Латын графикасына өту ар­­қы­лы шетелдердегі кирилл қар­­пін түсінбейтін қазақ диас­пораларының қазақ тілін қолда­нуы­на елеулі ықпал етуге бола­ды, сонымен қатар туысқан түр­кі халықтары да жазу жа­қын­ды­ғы­нан түсініссе, түркі әлемінің үн­де­суіне қол жеткізер еді деген пайымды пікірді «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прак­ти­калық орталығының ға­лым хатшысы, филология ғы­лым­дарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Аитова да айтады. Ға­лым­ның айтуынша, графика реформасы – жалаң таңбалар тізбегі емес, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен әлеумет, тіл мен психика, тіл мен әдіснама, тіл мен білім, тіл мен ұрпақ сабақтастығы, тіл мен техника, тіл мен тарихи сана байланысы мен арақатынасындағы көпшілікке көріне бермейтін нәзік шиеленістердің түйінін ес­керіп барып шешетін күрделі құ­былыс.

«Осы уақыттан бастап латын графикасына кезең-кезеңімен көшу ісіне кіріскен бірқатар құрылым не екті, не орды? Әр нәрсені межелі уақытта екшеп, есебін алып, елді құлағдар етудің қажеттілігі халық алдындағы парыз салмағына қиянат қылмау ниетімен өлшенсе керек. Латын графикасына көшу – рухани, тіл­дік реформа ғана емес, саяси реформа. Ол – лингвистика тілімен айтсақ, грамматикалық отар­лаудан құтылып, азаттық алу­дың жанкешті қадамы. Ал сая­си аспектіден қарасақ, эко­но­микалық тәуекелдерімен қоса алғанда, ұлттық сананың жаңғыру тетігі болуға әбден лайық әмбебап жарақты стра­тегиялық бағдар. Ғылыми-тех­никалық тұрғыдан қа­расақ, әлем­дік ақпараттар тол­қынын шо­ғырландыруға бе­йім, білім тұтастырушылық және сұ­рыптаушылық қабілетке ие құ­рылымдық жүйе әрі рухани база. Бұл – оның ең ірі мүм­кін­дік­тері», дейді Нұрлыхан Аитова.

Әлемдік қоғамдастықтың тең­­құқылы мүшесі Қазақстан ке­­л­ешек дамуын латын графика­сы негізіндегі ұлттық әліп­би­ге көшуді маңызды деп табуы кенеттен пайда болған шешім емес. Бұл – мемлекеттің мақсатты түрде ойға алған Қазақстан халқының ортақ таңдауы. «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасының төрт жылдығы аясында Елбасы бас­та­масымен бекітілген тарихи ше­шім 2025 жылға дейін латын әліпбиіне толық көшуіміз керек екендігін, қоғамдық өмірдің бар­лық саласына кезең-кезеңімен ен­гізу қажеттігіне үндеп отыр.