• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Сәуір, 2021

Дүбірлі «Дала дидары»

967 рет
көрсетілді

Өскемендегі облыстық өнер музейінде «Дала дидары» атты өнер фестивалі басталды. Өз қазанында өзі қайнап жатқан аудандардағы суретшілер мен қолөнершілердің шеберліктерін шыңдау үшін бұл – тамаша мүмкіндік. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рухани жобаны бірінші болып Көкпекті ауданы бастады.

Шығармашылық шаңы­ра­ғында қолға алынған көрмеге өз ке­зегімен жыл көлемінде облыс­тың он бес ауданы қатысады. Су­ретшілерімен қатар ақындары, ән­шілері де өнер көрсетеді. Тола­ғай тауының бөктерінен келген көк­пек­тіліктер «Дала дидары» атты көр­меге барын салды. Белгілі айтыс­кер ақын Фархат Маратұлы жырдан шашу шашса, «Толағай» сазды халық аспаптар оркестрінің әні әуеледі.

Ал музейдің кең залына Көк­­­пек­тінің көрікті табиғаты бей­не­­лен­ген картиналар мен қол­өнер ше­берлерінің жасаған бұ­йым­дары қойылды. Әсіресе, Серік­бай Рысүмбетовтің «Қыс», Эль­ми­ра Ізғұттынованың «Таң» ат­ты пей­заждары көпшіліктің наза­рын аударды. Оксана Луцкая, Жан­на Жабековалардың жасаған қол­өнер бұйымдарына да келген қо­нақтар қызыға қарады. Көпшілік дейміз, санитарлық талаптарға сай шақырылған қонақтардың са­ны шектеулі еді. Көрмені ке­ліп көре алмағандар үшін музей қызметкерлері әлеуметтік же­лі арқылы онлайн экскурсия ұйым­дастырады.

– Облыс орталығында аудандар­дың көрмесін өткізу – өте дұрыс үр­діс. Өйткені өз ауылынан ұзамай жүр­ген өнерлі жастар көп. «Алмас пы­шақ қын түбінде жатпайды» демекші, бойында таланты бар қыз-жігіттер рухани ортаға көрінуі керек. Мен көрмелерге дарынды жастарды іздеп келемін. Талабы болса, көрген-білгенімді айтамын, үйретемін, – дейді белгілі суретші Құдаш Нұрсадықов.

Рас, алыс ауылдағы шын талант­тардың өнері өрге жүзсін десек, осын­дай дүбірлі көрмелер жиі өткі­зі­ліп тұруы керек. Көкпектіден кейін Шығыс жұрты мамыр айында Күр­шім, Алтай аудандарының көр­месін тамашалайды.

 

Шығыс Қазақстан облысы