• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Сәуір, 2021

Елордада азық-түлік бағасы айтарлықтай төмендеген

624 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік тауарлары бағасының өсімі өткен жылғы кезеңнен 6,2 пайызға төмендеп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина айтып берді.

«Жыл басынан бері негізгі азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсімі байқалады. Бірақ өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл өсім 6,2 пайызға төмен. Негізінен бағаның өсуі көкөністерде, өсімдік майы, тауық етіне және бірінші сұрыпты ұнда байқалады. Әдеттегідей бағаның өсуі қаңтар мен мамыр аралығында болады, ал мамырдан бастап, жаңа егін өнімдерінің келуімен бағалар төмендейді», деді Г.Ермолдина елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Спикер бағалардың өсуіне өндірушілер шикізатының қымбаттауы, буып-түю материалдары мен көлік шығындарының қымбаттауы және делдалдардың да әсері бар екенін айтты.

«Қала бойынша бағаны тұрақтандырудың екі тетігі іске асырылуда: біріншісі – тұрақтандыру қорын қалыптастыру, екіншісі – айналым механизміндегі жұмыс. Тұрақтандыру қоры бойынша ұн, күріш, қант сатып алынды. Әкімдік екінші механизмге көп көңіл бөлуде және сауда желілеріне жеңілдетілген несие беріледі. Өйткені бізде өндірушілердің басым бөлігі өңірлерде орналасқан, сондықтан біз халықты баға бойынша жеңілдетілген несиелеумен барынша қамту үшін сауда желісіне басты назар аударамыз», деді Г.Ермолдина.