• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2021

Кариб аралындағы жанартау атқылады

116 рет
көрсетілді

Кариб теңізіндегі Сент-Винсет аралында Ла-Суфриер жанартауы оянды, деп хабарлайды Еgemen.kz Вusiness insider-ге сілтеме жасап.

Ла-Суфриер жанартауы маңайындағы ең қауіпті жерлерден 16 мыңнан аса адамды эвакуациялау көзделіп отыр. Олардың бір бөлігі Сент-Люсия, Гренада, Барбадос және Антигуа көршілес аралдарына орналастырылады. Алайда бірқатар аралдардың билігі өз жеріне тек коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды ғана кіргізетінін айтып отыр, деп жазады басылым.

Жарақаттанушылар круиз лайнеріне отырмас бұрын вакциналаудан өтуі керек. Сент-Винсент аралында жанартау атқылауы 9 сәуір күні басталды. Бұл соңғы 40 жылда бірінші рет болып отыр. Дүлей апат салдарынан арал күлге оранып, көптеген үй электр жарығынсыз және сусыз қалды. Ғалымдар жанартаудың атқылауы әлі бірнеше күнге немесе аптаға созылуы мүмкін дейді.