• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2021

Қазақстанда жыл сайын 11,8 млн құсқа вакцина салынады

164 рет
көрсетілді

Қазақстанда құс тұмауы мен жануарлардың басқа да жұқпалы ауруларының алдын алу мұқият қадағалануда, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистика деректері бойынша Қазақстанда шамамен 43,6 млн бас құс бар. Олардың 11,8 млн-ға жуығы жеке азаматтардың қолында болса, қалғаны сыртқы ортамен байланысы жоқ құс фабрикаларында бағылып жатыр.

11,8 млн құсқа жыл сайын тиісті қаржы бөлініп, вакцина салынады. Яғни, аурудың алдын алу іс-шаралары уақытында жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жоғары патогенді құс тұмауы тарап кетпеуі үшін мониторингтік бақылау жүргізіп отырады.

Сондай-ақ ветеринарлық қызмет көрші мемлекеттердегі эпизоотиялық жағдайды мұқият қадағалайды және ол жақта жануарлар ауруының ошақтары пайда болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жануарлар ауруларының 45 түрі бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцина салу арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151 миллионнан астам манипуляция, сондай-ақ 68 миллионнан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.