• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2021

Танысын қатігездікпен өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

1475 рет
көрсетілді

Қостанай облысының тұрғыны танысының басын кесіп алып, көше бойында шелекке салып жүрген. Сот үкімі бойынша оған қатаң жаза кесіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Жантүршігерлік жайт былтыр, 3 желтоқсан күні Рудный қаласында болған. 

«Сотталушы сол күні танысының пәтерінде алкогольдік ішімдік ішкен. Түнде екеуінің арасында жанжал туындап Б. есімді күдікті ас үй пышағымен жәбірленушінің мойын тұсынан бірнеше жерге пышақ жарақатын салады. Содан соң басын кесіп алған. Кесілген басты шелекке салып жәбірленушінің үйінен шығып кетеді. Алайда полицияға ерікті түрде өзі хабарласып кінәсін мойындады», делінген сот хабарламасында.

Сотталушы 99-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Сотталушының бұрын сотты болмағанын ескеріп, сондай-ақ ерікті түрде полицейлерді шақырып кінәлі екенін мойындағаны үшін сот оны қатаң режімдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сотталушыға алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды. Бұдан бөлек, жәбірленушінің жалпы сомасы 2 329814 теңгені құрайтын талабын өтеп беру толығымен қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Гаухар ҚАПАШ