• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Саясат 14 Сәуір, 2021

Өзбекстан президенті мен Пәкістан премьер-министрінің онлайн-саммиті өтті

320 рет
көрсетілді

Бүгін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев пен Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Имран Хан бейнеконференция режимінде саммит өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн жиын барысында Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы серіктестік пен практикалық өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі негізгі міндеттер егжей-тегжейлі қарастырылып, бірінші кезектегі шаралар айқындалды.

Тараптар Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.