Коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймаққа» Шымкент қаласы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан өңірлерінде 15 сәуірдегі эпидахуалды бағалау матрицасындағы деректерге сүйенсек, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, БҚО және Қарағанды облыстары тұр.
Сонымен қатар «сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, СҚО, Маңғыстау облысы бар.
Ал «жасыл» аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары қалды.