• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2021

Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр

990 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты ауылдардың бірінің қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы жатқаны туралы желіде жазба пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Желіде жарияланған бейнежазбада Ақтоғай ауданының прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Сондай-ақ оның жанында екі Елтаңба жатыр.  Бірі сынған болса, екіншісі бүтін. Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, қоқыс үйіндісі Ақтоғай орталығынан екі шақырым жерде орналасқан.  Енді жергілікті құзырлы органдар мемлекеттік символ қоқыс үйіндісіне қалай жеткенін анықтап жатыр.

«Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр», деді облыстық прокуратураның өкілі.