• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Сәуір, 2021

Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды

3552 рет
көрсетілді

Бір реттік зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 5 миллион теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz  қордың баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап.  

2021 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЖЗҚ 1,08 трлн теңгеден астам қаражатты қазақстандықтардың оператор-банктердегі арнайы шоттарына аударды, 216 860 өтініш орындалды.

Сонымен бірге, қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін уақтылы пайдаланбауына байланысты уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 73 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Қазақстандықтардың емделуіне шамамен 4,2 миллиард теңге аударылды, 4 335 өтініш орындалды. Емдеу үшін орташа төлем шамамен 1 миллион теңгені құрайды. Бұл ретте уәкілетті оператор БЖЗҚ-дағы (Отбасы Банкі) салымшылардың есепшоттарына 586 миллион теңгені қайтарып берді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға жинақталған қаражатты инвестициялық портфельді басқарушыға беру туралы 1436 өтініш келіп түсті, оның ішінде жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 947 өтінім орындалды. Орташа аударым сомасы шамамен 2,4 млн теңгені құрайды.