• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2021

ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

630 рет
көрсетілді

Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спорт түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес, спортқа ден қойған азаматтардың саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уәлхановтың айтуынша, былтыр спортпен айналысқан адамдар саны 427 мыңға дейін артқан.

Өңірде спортпен шұғылданамыз дегендер үшін түрлі спорт нысандары салынып-ақ жатыр. Бүгінде облыс бойынша барлығы 3 мыңнан астам спорт кешені бар екен. Өткен жылдың өзінде 16 нысан пайдалануға берілді. Ақтоғай кентінде, Көкпекті ауылында және Шар қаласында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді. Сондай-ақ, екі жүзу бассейні, бес спорт алаңы, бес шағын футбол алаңы, бір хоккей қорабы салынған.

– Қазіргі таңда үш спорт нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Катонқарағай ауылы мен Шемонаиха қаласында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Мақаншы ауылында бір спорт модулі салынуда. Биыл Марқакөл, Ақсуат, Қайнар, Бородулиха, Самар, Бозанбай, Үлкен Нарын ауылдарында және Серебрянск қаласында шынықтыру-сауықтыру құрылысын басталады, – деді Досжан Уәлханов.