• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2021

Балық аулаймын деп айыппұл арқалап жүрмеңіз

567 рет
көрсетілді

Уылдырық шашу кезінде заңсыз балық аулауға жол бермеу үшін Шығыс Қазақстанда 16 сәуірден бастап «Нерест-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз балық аулап жүрген қаскөйлердің жолын кесу ғана емес, сондай-ақ бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашуды да көздейді. Биылдың үш айында табиғатты қорғау полицейлері балық ресурстарын сақтау мақсатында 320 рейдтік өткізсе, оның 239-да экологиялық құқық бұзушылық анықталған.

Нәтижесінде 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 229-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері заңсыз ауланған 6 мың келі балық тәркіленіп, мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Ал соңғы төрт күн ішінде облыста 66 құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз балық аулаған 64 балықшыға жалпы сомасы 1 млн. 044 551 теңге әкімшілік айыппұлы салынды.

Айта кетерлігі, 18 сәуірде «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 914 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары патрульдеу кезінде «Chevrolet» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде тиісті рұқсат құжаттары жоқ 6 қап шортан балығы табылған. Жалпы шығын 198 000 теңгені құрады. Бұл факті бойынша Семей қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы және 389-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал «Нерест-2021» жедел алдын алу шарасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында 30 мамырға дейін жалғасады.