Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оның барысында 100-ге жуық үй тегін дезинсекциялық өңдеуден өтеді.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен және энтомолог мамандарды тартумен күнделікті негізде уақытша және тұрақты су айдындарында бақылау және мониторинг жүргізіледі. Аталған іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайту үшін Нұр-Сұлтан қаласында алдын алу шаралары ретінде жүргізіледі.