• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Сәуір, 2021

Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

982 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мұртаза Жалғас Әлижанұлы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұртаза Жалғас Әлижанұлы 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, білімі жоғары.2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде бухгалтер болып бастаған.

2020 жылғы маусым айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы 1978 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында туған, білімі жоғары («инженер-механик», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген).

Еңбек жолын 2000 жылы Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм  басқармасында бас маман болып бастаған.

Әр жылдары Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қордай аудандық спорт бөлімінің меңгерушісі, Қордай аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Romaks KZ» ЖШС логистика бөлімінің маманы, бөлім басшысы, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Қордай аудандық мәслихатының V шақырылымындағы депутаты болған.

2018 жылғы тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.