• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 20 Сәуір, 2021

PhD дәрежесін қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді

699 рет
көрсетілді

Білім және ғылым мнистрінің бұйрығымен диссертациялық кеңес пен диссертация қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның аппарат жиынында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова осындай деді.

«Ғылыми кадрларды даярлау және PhD дәрежесін беру өзекті мәселелердің бірі. Сарапшылардың пікірінше, PhD-докторантура бағдарламасы 10 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келе жатқанына қарамастан, қорғау механизмі кандидаттық диссертацияларды қорғау форматында қалып қойған», деді Гүлзат Көбенова.

Маман жоғары оқу орындарының жанынан құрылған диссертациялық кеңестер өз жұмысында формалдылыққа жиі баратынын айтады.

«Диссертациялық кеңестердің қызметін талдау нәтижесінде бірқатар проблема анықталды. Оның ішінде қорғау және рецензиялау рәсімдерінің формалды түрде өтуі, диссертациялық кеңес жауапкершілігінің төмендеуі сияқты мәселелер бар. Диссертацияның мазмұны бойынша маңызды ескертулер болса да, PhD дәрежесі беріліп отыр. Сарапшылармен бірнеше рет талқылап, халықаралық тәжірибені ескере отырып, диссертациялық кеңес пен диссертацияны қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді», деді Гүлзат Көбенова.