16 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Нерест» профилактикалық шарасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соған қарамастан, заңды белден басып жүргендер көп. Операцияның 4 күні ішінде ғана облыста балық ресурстарын заңсыз аулаудың 70-ке жуық заң бұзушылықтары анықталды.
– Әуеден шолу кезінде жағалау сызығынан айыратын нөмірі жоқ 18 дюралды қайықтары табылды. «Рахметолла» учаскесінде қызметкерлер 2 резеңке қайық, ескек, қайық моторы мен қапшықтағы ауларды анықтады. Барлық заттай дәлелдемелер балық инспекциясына жолданды. 64 адамға қатысты жалпы соммасы 1 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салынды, - деді облыстық Полиция депараментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Кеше табиғатты қорғау және аумақтық балық инспекциясының қызметкерлері МИ-8 тікұшағымен Өскемен қаласынан Бұқтырма су қоймасының жағалау сызығы бойымен – Бөкен өзенінің сағасы – «Торанғы» шығанағы, Жолнұсқау, Аманат, Шеңгелді ауылдары, Қара Ертіс өзенінің сағасы, Тұғыл ауылы, Зайсан көлінің солтүстік-батыстағы тыйым салынған бөлігі бағыты әуеден бақыланды. Сондай-ақ, қызметкерлер Ұлан, Күршім, Тарбағатай және Көкпекті аудандарының аңшылық алқаптарын тексерді.
Барлық иесіз қайықтар мен балықшыларға бейнетүсірілім жүргізіліп, орналасу орындарының картасында белгі қойылды. Ақпарат Күршім, Тарбағатай, Көкпекті аудандық полиция қызметкерлеріне жолданды.
Балықшы азаматтар балық аулаудың нормалары мен қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабы) ғана емес, қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 335-бабы) қарастырылғанын да есте ұстағандары жөн.