Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Армен Гевондянның қатысуымен онлайн режимде Қазақстан-Армения саяси кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ТМД, ЕЭО және ҰҚШК сияқты өңірлік ұйымдардың алаңдарында өзара ықпалдастық мәселелерді талқылады.