• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2021

Талғат Мұсабаев азаматтық авиация саласындағы өзекті мәселелер туралы айтты

191 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалында азаматтық авиация және ұшуды ұйымдастыру саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң бойынша азаматтық авиацияда сертификаттау, қадағалау және бақылаумен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті айналысуы керек екен. Алайда, бұл мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ коммерциялық компаниясына берілген. «Суық ақылға салып, мәселенің шешімін заңды арнаға бағыттауды ұсынамыз. Азаматтық авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды Азаматтық авиация комитетіне қайтару қажет деп санаймыз, ал «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыру немесе оған коммерция субъектісі емес, барлық туындайтын заңнамалық салдары мен жауапкершілігі бар мемлекеттік орган мәртебесін беру, оған мемлекеттік функцияларды орындауды жүктеу қажет», деп атап өтті сенатор. Ол өзінің депутаттық сауалында авиациялық және азаматтық авиациядағы оқиғаларды тексеруді, Төтенше жағдайлар министрлігіне немесе тәуелсіз халықаралық аймақтық тергеу органдарына беруді қарастыру қажет екенін айтты.