• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 22 Сәуір, 2021

Президент Жайық өзенінің тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді

691 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзенінің тартылуы жергілікті тұрғындарды толғандырып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Су – аймақтың орнықты дамуы үшін қажетті басты ресурстың бірі. Алайда, Жайық өзені қатты тартылып, оның экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлап барады. Бұл мәселе онсыз да ауыз суға мұқтаж болып отырған жергілікті тұрғындарды толғандырып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер де үлкен қиындықтарға тап болып жатыр. Біз Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау жөнінде 2024 жылға дейінгі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылдадық. Үкімет осы бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруы керек», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол Ресей жағымен бірлесіп, жедел шаралар қабылдауды тапсырды.