Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 22 сәуір шамамен сағат 17:51-де LADA жүргізушісі Нұр-Сұлтан - Малотимофеевка тасжолымен А1 көшесіне қарай келе жатып көлікті басқара алмай, «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-не тиесілі УАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жедел жәрдем көлігі жолдың шетіне шығып кеткен.
«Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жүргізуші мен УАЗ көлігінің бес жолаушысы ауруханаға жеткізілді, оның төртеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр», делінген хабарламада.