Заңсыз босқындарды алып келе жатқан қайық Ливия жағалауында аударылып, 130-ға жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымына сілтеме жасап.
Ұйым мәліметі бойынша, соңғы 48 сағат ішінде Ливия жағалауында апатқа ұшыраған үш қайық туралы хабарлама келген. Олар SOS Mediterranee-ге тиесілі Ocean Viking құтқару кемесінен кемінде он сағаттық жерде екені ескертілген.
«Біз бүгін оқиға орнына келгеннен бері бірде-бір тірі адамды таппадық, дегенмен апат болған жерде ондаған адамның мәйітін көрдік», делінген ұйымның хабарламасында.
Құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығы салдарынан қиындап кеткен. Іздеу аймағындағы толқындар 6 м-ге жеткен.