• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2021

Шенеунікке де шындық керек

1842 рет
көрсетілді

Шындық шенеунікке де керек. Актер Дулыға Ақмолда жағымпаздық, жем­қорлық жайлаған жерде жүріп те адамдығын, адалдығын аң­сайтындар болатынын айтады.

«Мен түскен «Акимат» деген сериал туралы әкімшілікте істейтін таныстарым хабарласып, «мынау фильм нағыз біздің өміріміз туралы шындықты жайып салған ғой, міне, біздің өміріміз тура сол кинодағыдай, мен өзімді көріп отырмын» дегені бар. Ал мұны несіне жасырамыз? Көрдіңіз бе, шындық шенеунікке де керек, жағымпаздық, жем­қорлық жайлаған жерде жүріп те адамдығын, адалдығын аң­сайды олар. Адамдығымен қа­уыш­­қан кезде ол өзіне оралады, өзін танығаны үшін өнерді құр­мет­тейді. Меніңше, бұл арзан нәр­се емес» дейді актер «Егеменге» берген сұхбатында. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден оқи аласыз.

https://egemen.kz/article/272513-dulygha-aqmolda-meninh-eshkimge-uqsaghym-kelmeydi