• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2021

Өрт салдарынан 78 жастағы қария көз жұмды

242 рет
көрсетілді

Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртеніп, 78 жастағы қария қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Тургенев көшесінде орналасқан көпқабатты үйде пәтер өртенді. Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз жанған. Оқиға орнына 20 адам және 4 техника жіберілді.«Жалпы алаңы 15 шаршы метр аумақ жанды. Өрт кезінде 1942 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды. Сондай-ақ өрт сөндіру барысындабаспалдақ арқылы 6 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.