• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2021

Бокс: Отандастарымыз Сербиядағы турнирді сәтті бастады

143 рет
көрсетілді

Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының мүшесі Ермахан Жақпеков жарысты жеңіспен бастады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол кипрлік Андреса Коккиносаны ұтты.

Сонымен қатар, келесі айналымға Нұрқанат Рейс те өтті. Ол жергілікті боксшы Рами Киваннан басым түсті.

69 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов шотландиялық Тайлер Джоллиді ұтып, жарысты келесі айналымда жалғастырады. Ертуған Зейнуллинов командаластарының жеңісті жолын жалғастыруда. 63 келіге дейінгі салмақта ол ресейлік Ян Штокаленкодан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, 81 келіде қазақстандық Нұрбек Оралбай сербиялық Слободан Йовановичты ұтып, келесі айналымда жұдырықтасуға мүмкіндік алды.