• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Сәуір, 2021

Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады

593 рет
көрсетілді

Жапонияның метеорология басқармасы Сакурадзима жанартауынан төнген қауіпке байланысты оның маңында жүруге тыйым салынған аймақты кеңейтті, деп хабарлайды Egemen.kz NHK-ға сілтеме жасап.

Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Сакурадзима жанартауы жексенбі күні атқылаған. Ол аспанға биіктігі 2,3 шақырымға дейін жететін түтін мен күл шашты. Пирокластик ағын кратерден шамамен 1,8 шақырым жерде орналасқан ауданға дейін жеткен.

Осыған байланысты, метеорологиялық басқарма жанартаудың маңында жүруге тыйым салынған аймақты 2 шақырымнан 2,4 шақырымға дейін кеңейтті, бұл ретте қауіптіліктің деңгейі өзгеріссіз – бес балдық шкала бойынша үш балл болып қалған.