• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Сәуір, 2021

Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан

154 рет
көрсетілді

Түркістан қаласында белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, кеше Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы - «бұзақылық» бойынша тіркеді.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады.

Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылданып жатыр.

«Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп мәлімдеді полиция.