• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Сәуір, 2021

Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді – Алексей Цой

4867 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуы төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Науқастанудың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда өткен апта ішінде 8 пайызға дейін төмендеді. Соңғы аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда өлім-жітім өсімі 30-дан 8 пайызға дейін азайды. Ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалады. Өңірлер аймақтағы эпидемиялық ахуалды ескере отырып шектеу іс-шараларын түзетуді және қабылдауды жалғастырып жатыр», деді А. Цой.

Министрдің айтуынша, пандемия басталғалы елімізде 311 400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.