Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуы төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Науқастанудың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда өткен апта ішінде 8 пайызға дейін төмендеді. Соңғы аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда өлім-жітім өсімі 30-дан 8 пайызға дейін азайды. Ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалады. Өңірлер аймақтағы эпидемиялық ахуалды ескере отырып шектеу іс-шараларын түзетуді және қабылдауды жалғастырып жатыр», деді А. Цой.
Министрдің айтуынша, пандемия басталғалы елімізде 311 400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.