Қайғылы оқиғамен аяқталған жол апатынан кейін қызметінен кеткен Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев мемлекеттік қызметке оралып, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалған еді. Алайда Nur Otan партиясы Қуат Тұмабаевты қызметінен босатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов экс-әкімнің жаңа лауазымға тағайындалуы Nur Оtan партиясының «Ар-намыс» кодексіне қайшы келетінін баса айтты.
«Бұл тағайындау отандық БАҚ-та аралас әрі наразы пікір тудырды. Осы орайда Қ.Тұмабаевты жаңа қызметке тағайындау Nur Otan партиясы мүшесінің саяси тұғырнамасы мен этика кодексінің құндылықтарына қайшы келеді. Партияның беделін түсіруге бақылау жасау жөніндегі елордалық комиссияның ұсынысы бойынша Қ.Тұмабаев тізімнен шығарылды», деп жазды Артур Платонов Facebook-тегі парақшасында.