• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Сәуір, 2021

Сара жол сабақтастығы

277 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік жылдарында көптеген жаңа бастама қолға алынды. Солардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру ісі ерекше аталады. Елбасының бастамасымен құрылған ұйым бүгінге дейін ел бірлігі мен татулығының нышаны болып келеді.

Біз тағы бір тарихи сәтке куә болдық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстағанын көрдік. Демек, Ассамблея өз жұмысын әрі қарай сенімді түрде жалғастыра береді, сара жол сабақтастықпен жалғасын табады деп сенеміз. Татулық, бірлік, келісім сынды құндылықтар одан әрі насихатталады деп ойлаймын. Біздің бірінші байлығымыз – елдің татулығы. Бұл қай уақытта да маңызын жоғалтпауы керек.

Тәуелсіздік жылдары қаншама ауқымды жұмыстар атқарылғанына бәріміз куәміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінге дейін өте жақсы модель қалыптастыра алды деп ойлаймын. Ол тек бейбітшілік ұйытқысы болып қана қоймай, маңызды саяси алаңға айналды. Ассамблея арқылы еліміз бейбітшілік жаршысы атанды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы барысында Елбасы атап өткендей, бүгінде біздің Ассамблеямыздың моделін басқа елдер де енгізіп жатыр. Бұл – үлкен жетістік деп білемін. Өйткені құндылықтар өзгеріп жатқан қазіргі заманда елдің тұтастығы мен халықтың бірлігі тақырыбы күн тәртібінен түспеуі керек.

Айта кету керек, Ассамблея пандемия кезінде де тынбай жұмыс істеді. Ассамблея мүшелері волонтерлермен қатар, алғы шепте қызмет еткен медицина, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жәрдемдесіп, көптеген отбасыға көмек берді. Бұл ізгі іс әлі де жалғасады. Ассамблеяның алға қойған игі мақсаты көп.

 

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Парламент Мәжілісінің депутаты