Қазақстан қазіргі кезде клиникалық зерттеулердің ІІІ сатысындағы QazVac атаулы ұлттық вакцинасының көмегімен коронавирусқа қарсы вакциналау науқанын бастады.
Ұлттық телеарналардың дерегінше, Қазақстан бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген екі дозалы вакцинаның 50 мың дозасы таратылған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой теледидарда тікелей эфирде өзіне вакцинаның алғашқы дозасын салдырды. Осыдан соң А.Цой өзін жақсы сезінетінін жеткізді және Үкіметтің Түркиямен ауқымды көлемдегі жаңа партияның өндірісі туралы келісімдер жүргізіп жатқанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Covid-19 вирусына қарсы жеке вакцинасын жасап шығарған әлемдегі санаулы ел санатындағы айрықша ғылыми жетістік екенін атап өтті.
Қазақстан коронавирусқа вакциналау науқанында көш бастап тұрған ресейлік Спутник V вакцинасы өндірісін өз аумағында құрған алғашқы шетелдік мемлекет болды. А.Цойдың айтуынша, ақпаннан бері Қазақстанда әрбір 20-шы адам вакцина алған.
26 сәуірдегі жағдай бойынша ресми мәліметтерге сәйкес, 19 миллион халықтың арасында 309 мыңнан аса адам Covid-19 вирусын жұқтырған, олардың ішінде 3570-і қайтыс болған. Қазақстан – Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар, табиғи ресурстар мен көмірсутектің бай қорына ие бұрынғы кеңестік республика.