• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Сәуір, 2021

БЖЗҚ: Төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлер іздестірілуде

749 рет
көрсетілді

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо­ра­циясы зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланыс­ты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мем­ле­кеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зей­нет­ақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға өтініш бермеген адам­дардың уәкілетті органның халықты әлеуметтік қорғау сала­сындағы ақпараттық жүйесінде бар екенін салыстырып тек­сере бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зей­нетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкі­летті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына байланысты жүр­гізілетін болады.

2018 жылғы 11 қазаннан бас­тап зейнеткерлік жасқа толуға бай­ланысты бірыңғай өтініш беру­ге болатын «бір терезе» қағи­даты бойынша композиттік қыз­мет енгізілген. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алу­шы бірыңғай өтінішпен және құ­жаттар топтамасымен Мемл­е­кет­тік корпорация бөлім­ше­леріне (яғни ХҚО-ға) жүгінеді.

Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйе­лерінде Қордан төлемдер жү­зе­ге асырылмайтын 200 мың­нан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жет­кен азаматтар бюджеттен қара­жаттарын алып жатыр. Олар­дың көпшілігі зейнеткерлер қа­тарына 2018 жылдың 11 қаза­ны­на дейін қосылған.

БЖЗҚ салымшылардың дерек­те­рін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне (ол мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады. Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы тө­лем­­дері мен мемлекеттік база­лық зейнетақы төлемдерін та­ғайын­дау кезінде ұсынған банк шот­тарына жіберіледі.

Зейнетақы төлемдерін жүзе­ге асыру қағидаларының ере­же­­леріне сәйкес БЖЗҚ-дан мін­дет­ті зейнетақы жарналары мен мін­дет­ті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.

Ай сайынғы зейнетақы төле­мі­нің мөлшері Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Үкіметінің 2013 жыл­ғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген зейнетақы төлем­де­рі­нің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептел­ген зейнетақы төлемдерінің жыл­дық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Әдіс­темеге сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бі­­рінші жылындағы зейнетақы тө­лемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары тө­лем­де­рі­нің мөлшерлемесіне көбей­тін­дісі ретінде есептелетін болады – 6,5 %.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.

Бұл ретте ай сайынғы зей­нет­ақы төлемінің есептелген мөл­­шерінің төлемі рес­пуб­ли­ка­лық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең тө­мен күнкөріс деңгейінің 70 па­йызынан кем емес мөлшерде жү­зе­ге асырылады (2021 жылы – 24 011,40 теңге = 70% * 34 302).

Егер өтініш берілген күнгі зей­нет­ақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған рес­публикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зей­нетақының он екі еселенген мөл­ше­рінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2021 жылы – 519 264 теңге = 12 * 43 272).

Егер кезекті ай сайынғы тө­лем жү­зеге асырылғаннан ке­йін ЖЗШ-дағы зейнетақы жи­нақтарының қалдығы тиісті қар­жы жылына арналған рес­пуб­ли­калық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құраған жағдайда, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.